Бүгін Таразда маңызды салтанатты рәсім өтті — Жамбыл облысының құтқарушылары жаңа өрт сөндіру-құтқару техникасы мен арнайы киімдерін алды. Іс-шара Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын ауқымды жаңартуға орайластырылған. Салтанатты жиынға аймақтың және ТЖ министрлігінің бірінші басшылары қатысты.