Полиция қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданындағы Талды жайылымында орналасқан шаруашылық кәсіпорынындағы мал ұрлығы дерегі бойынша ҚР ҚК 188-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Полицияға ұсақ мал өсірумен айналысатын осы шаруашылықтың басшысы арызбен жүгінді. Ер адам белгісіз адамның оған тиесілі 16 қой мен қозыны жасырын ұрлап әкеткенін хабарлады.