ЖАМБЫЛДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ФОРУМ ӨТТІ
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба мен Әнұрансыз тәуелсіз ел болмайды. Олар мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Жамбыл облысында ҚР мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» атты форум өтті. Әуелете шырқалған Әнұранмен ашылған шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады.