28 Ноя 2026, Сб

ЖАЛАҢТӨС БАТЫР – ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ ТҰЛҒАСЫ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Жалаңтөс баһадүрдің 450 жылдығына арналған «Жалаңтөс батыр – түркі халықтарының ортақ тұлғасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынның өзегі – қазақ-өзбек тарихи-мәдени байланыстарының ең маңызды тұлғаларының бірі Жалаңтөс баһадүр батырға арналды.