1 Июн 2025, Вс

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІНДЕ БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАЛАЙ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ?

Жамбыл облысы жазғы маусым қарсаңында мыңдаған баланы қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне қабылдауға белсенді дайындалып жатыр. Бұл туралы Жамбыл облысы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлибаева өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлім етті.