Әулиеата — кітап оқитын өңір. Осы бастама аясында ауыл кітапханалары арасында «Ең үздік ауылдық кітапхана» атты облыстық байқау өтуде. Аталған байқауға Жамбыл ауданына қарасты Қаракемер ауылдық кітапханасы қатысты. Байқау шарты бойынша аталған кітапханада «Әулиеата-кітап оқитын өңір» жобасы аясында атқарылған іс-шаралар түйінделді.