Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ, Жамбыл, Жуалы аудандары мен Тараз қаласындағы егістік алқаптарды, су шаруашылығы және өнеркәсіп нысандарын аралап, жұмысымен танысты. Іссапар аясында өңірде егін және мал шаруашылығын дамыту, су үнемдеу технологияларын енгізу, инфрақұрылымды жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына назар аударылып, шаруалардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.