Шардара ауданында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту бағытындағы қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Бұл – олардың қоғаммен біте қайнасып, өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік беретін маңызды қадамдардың бірі. Мәселен, аудандық Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйытқы болуымен мүгедектігі бар азаматтар қоғамдық жұмысқа тартыла бастады. Бұл тек табыс табу емес, олардың өзіне деген сенімін оятып, қоғаммен тығыз араласуына жол ашты.