Сайрам ауданында мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық жұмысқа тарту арқылы әлеуметтік бейімдеудің тиімді үлгісі қалыптасқан. Қазіргі таңда мүгедектігі бар жандар тек мемлекет қамқорлығына арқа сүйемей, еңбекке араласып, қоғамға пайдалы болуға талпынуда. Солардың бірі – Ахрор Бекполатов. Ол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жүрегімен қабылдап, күнделікті тазалық жұмысына адал еңбекпен үлес қосып келеді.
