14 Окт 2025, Вт

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНІМІН ОЯТҚАН ҰСТАЗ

Инклюзивті білім беру – ерекше балалардың өмірге бейімделуіне, қоғаммен араласуына жол ашатын маңызды бағыт. Түркістан қаласында осы саланың жанашыры Асел Бимырзаева үш жылдан астам уақыт бойы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Оның басты ұстанымы – әр баланың бойындағы жарықты жағып, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыру.