Ертең, 25 қазан – Қазақстан үшін айрықша маңызды күн, Ұлттық мереке – Республика күні! Бұл атаулы датаны еліміз жыл сайын зор салтанатпен атап өтеді. Осыған орай, бүгін облыс орталығындағы «Баласағұн» мәдениет залында 25 қазан – Республика күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.

