Дүниежүзілік балалар күніне орай ерекше режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер балаларымен кездесті
1 min read«Бала –көңілдің гүлі, көздің нұры», деп бекер айтпаған. Расымен, «балалы үй-базар, баласыз үй –қу мазар». Отбасы-шағын мемлекет болса, сол елдің келешегі-бала.
1954 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бүкіл әлем елдерінің бейбітшілігі мен балаларының есен-саулығын қамтамасыз ету мақсатында Дүниежүзілік балалар күні мерекесін тойлауды ұсынды. Содан бері жыл сайын 20-шы қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде Дүниежүзілік балалар күніне орай жазасын өтеушілер бала-шағасымен кездесіп, сыйлықтарын беріп құттықтады. Мекеме қызметкерлері де балаларды төл мерекесімен құттықтай отырып, баянды бақыт тіледі.
ЖД-158/7 мекемесінің САТЖБ бастығы
әділет капитаны М.Құрманқұл