Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа қарсы күрес жаңа деңгейге көтерілді. Бұдан былай, интернеттегі алаяқтарға өздерінің банк карталары мен шоттарын пайдалануға берген азаматтарға қатысты қатаң қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қылмыстық кодекске енгізілген жаңа бап бойынша, бұл әрекет – «дропперлік» – енді тек айыппұлмен шектелмей, тіпті бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

