23 Авг 2025, Сб

«ДОМБЫРА – ДАСТАН» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласында «Амфитеатр» кешенінде ұлттық рухты ұлықтаған ерекше мереке — «Домбыра – дастан» атты мәдени іс-шара өтті. Ұлттық Домбыра күніне орай ұйымдастырылған кеште көрермен қазақ күйінің киесін сезініп, өнердің ұлы мұрасына тағы бір мәрте көз жеткізді. Шараға облыстық мәдениет басқармасы өкілдері мен өнер ұжымдары белсене қатысты.