19 Июн 2025, Чт

Димаштың челленджінде екі жеңімпаз анықталды – олар Еуропадағы концертіне жолдама ұтты!

https://www.instagram.com/reel/DKJkNPJtzE0/?igsh=MWNyM2IzM2dldmRqeA%3D%3D

Димаш Құдайбергеннің “Тау ішінде” орындаған әніне арналған халықаралық челлендж өз мәресіне жетті. Жеңімпаз атанған — чилилік жанкүйер Андреа мен Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза оқушыларымен бірге түсірген бейнебаян болды.

Екі қатысушы да Димаштың шығармашылығына деген шынайы сүйіспеншілікті көрсете білді. Енді олар Еуропада өтетін концертке арнайы жолдама иеленіп, сүйікті әншісін сахнадан тамашалау мүмкіндігіне ие болды.