Түркістан облысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жұмыстарының нәтижесінде 92 азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті хабарлады. Департамент өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың өтініштері мен арыздары тұрақты бақылауда.