4 Сен 2025, Чт

«ДЕНСАУЛЫҚ КЕРУЕНІ» ШАРАСЫ ӨТТІ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы Әйелдер қанаты бүгін Кентау қаласында «Әйел аманаты» жобасы аясында ауқымды шара өткізді. «Денсаулық керуені» деп аталатын бастаманың мақсаты – әйелдердің, соның ішінде жүкті әйелдер мен жаңа босанған аналардың денсаулығын тексеріп, кәсіби кеңес беру және алдын алу шараларын күшейту. Шара барысында дәрігерлер қабылдау жүргізіп, қатысушыларға тегін тексерулер жасады.