Тұрмыстық зорлық-зомбылық тек әйелдерге ғана емес, олардың балаларына да ауыр соққы болады. Орталықтағы негізгі қызмет алушылардың басым бөлігі – кәмелетке толмағандар. Сондықтан, дағдарыс орталықтарындағы әлеуметтік-педагогикалық жұмыс балалардың психологиялық жағдайын тұрақтандыруда және оларды оқуға баулуда маңызды рөл атқарады. Тараз қаласындағы орталықта бұл жұмысты тәрбиешілер жүргізеді.