Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры биыл 28 жылдығын атап өтуде. Қор кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға нақты құралдар ұсынып келеді. 2025 жылы жаңа бағдарламалар мен кепілдік тетіктері іске қосылып, мыңдаған кәсіп иелеріне тиімді мүмкіндік берілді.