Түркістанда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған маңызды шара – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының «Ашық есік күні» өтті.Іс-шараны Қордың Түркістан облысы бойынша аймақтық филиалы ұйымдастырды.Басты мақсат – өңір кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру мүмкіндіктері мен бизнес жүргізудің тиімді тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат беру.