Таразда бүкіл ел Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығын қарсы алуға дайындалып жатыр. Осы кезеңде жауынгерлерге тағзым етіп, ерлікті құрметтейтіндердің қатарында соғыс тауқыметін өз бастан өткергендер де бар. Олар – Ауған соғысына қатысқан ардагерлер. Солардың бірі – генерал Әлімжан Ерниязов.