1 Ноя 2025, Сб

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТАР КӘСІПКЕ ДЕМ БЕРУДЕ

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында қайтарымсыз гранттар бөлініп жатыр. Бұл бастама – жаңа бизнес көзін ашып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды мүмкіндік. Гранттың мөлшері 400 айлық есептік көрсеткішті, яғни 1 миллион 572 мың теңгені құрайды. Қаржы ісін енді бастаған азаматтарға өз кәсібін жолға қоюға және тұрақты табыс табуға жол ашады.