Түркістан облысында білім беру саласында жас мамандардың еңбегі ерекше бағалануда. Солардың бірі – Балнұр Талғатқызы. Ол Шымкент қаласында білім алып, бүгінде Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы мектепте жұмыс істейді. Жас маманның еңбек өтілі екі жылға жуықтаса да, тәжірибелі ұстаздардың айтуынша, өз кәсібіне адалдығымен көзге түсуде.