Түркістан қаласында «Бүгінгі көшбасшы – кешегі тұлғадан үлгі алады» атты жастармен еркін форматтағы кездесу өтті. Ашық аспан астындағы кездесуде қала әкімі Пазылбек Әзімбекұлы арнайы қатысып, жас буынмен ашық сұхбат құрды. Шараның мақсаты – өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың өмір жолын үлгі ету арқылы жастарды отансүйгіштікке, көшбасшылыққа және белсенді азаматтық ұстанымға баулу.