Жамбыл облысында «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлеріне арналған оқыту бағдарламасы өтті. 2024 жылғы 16–27 маусым аралығында ұйымдастырылған курсқа өңірдің 28 кәсіпкері қатысты. Қатысушылар теориямен қатар университет зертханаларында практикалық тәжірибе жинақтап, өнімдерінің сапасын талдаудан өткізді.