Қазіргі уақытта білім мен ізденістің құны артып, сапалы білім – табысты болашақтың негізі болып отыр. Дәл осы тұста ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен түлектердің бірі – Шахноза Жумадуллаева. Ол биылғы сынақта табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында дараланып, білім бәйгесінде өзгелерден озып шықты.