Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияда оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бастама жасөспірімдер арасында буллинг, әлеуметтік бопсалау, интернеттегі кибербуллинг және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.

