1 Сен 2025, Пн

БОКСТАН ТУРНИР ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Тараз қаласында 2010–2015 жылдары туған жасөспірімдер арасында «Ата Заң – ел тірегі» ұранымен бокс турнирі өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, «TARLAN TOP TEAM» бокс клубы және Тараз қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі бірлесіп ұйымдастырды.