Қазақстанда әлеуметтік желілерде заңсыз онлайн ойындар мен алаяқтық ұтыс ойындарын жарнамалайтын блогерлердің әрекеті әлі де өзекті мәселе болып отыр. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, биылдың өзінде отыздан астам танымал блогерге қатысты әкімшілік істер қозғалған. Олар Instagram, Telegram және TikTok секілді платформаларда шетелдік онлайн-казиноларды жарнамалап, заңсыз қаржылық схемаларды насихаттаған.