24 Апр 2025, Чт

БИЫЛ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ ТОЛЫҚТАЙ АУЫЗ СУМЕН ЖӘНЕ ГАЗБЕН  ҚАМТЫЛАДЫ

Жамбыл ауданының  әкімі Ерлан Қыдыралыұлы тұрғындармен кездесуі барысында  2025 жылы ауданға қарасты барлық ауылдарда ауыз су мен газ мәселесі шешімін табатынын жеткізген еді. Бүгінгі таңда аудан бойынша 4 ауылда  ғана табиғи отын жоқ. Алайда аталған проблема өз шішімін тауып, шалғай елді мекендерге газ тартылуда.