Таразда «Таза Қазақстан – Таза Тараз» атауымен кең көлемді экологиялық акция өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қаланы қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық мәдениетін арттыру болды. Іс-шараға ондаған еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенді тұрғындар қатысты.