14 Окт 2025, Вт

«БЕКЗАТ» ПРЕМЬЕРАСЫ КӨРЕРМЕНДІ ТЕБІРЕНТТІ

Түркістан музыкалық драма театрында V маусым ашылды. Маусым шымылдығы биыл даңқты боксшының туғанына 45 жыл толуына орай «Бекзат» драмалық қойлымымен түрілді. Қуат Ежембектің пьесасы негізінде қойылған бұл туындыда киелі Түркістан топырағында дүниеге келіп, қазақ спортының айбынды жұлдызына айналған, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың өмір жолы бейнеленген.