Түркістан қаласында журналистика мамандығында оқитын үздік студенттерге Бейсен Құранбек атындағы стипендия табысталды. Іс-шара Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты «Яссы» колледжінде өтті. Шара қазақ журналистикасының дара тұлғасы Бейсен Құранбектің өнегелі жолын ұлықтауға арналды. Дәстүрлі марапат биыл да өз жалғасын тапты.