26 Июн 2025, Чт

БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ТЕРІС-АЩЫБҰЛАҚ»  ПОЛИГОНЫНДА «ЖАС ЖАУЫНГЕР КУРСЫНАН»  ӨТТІ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының басшылығы Жамбыл облысының журналистеріне нағыз «Әскердегі бір күн» іс-шарасын ұйымдастырды. Жергілікті БАҚ өкілдері Қазақстандағы жалғыз тау-егер полкі орналасқан «Теріс-Ащыбұлақ» полигонында әскери өмірдің қызықты сәттерімен танысты.