28 Июн 2025, Сб

БАҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ БІРҚАТАР ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Таразда Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні кеңінен аталып өтілді. Бұл мереке аясында түрлі ведомстволар мен баспасөз өкілдері арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Өңір журналистері еңбектері үшін марапатталып қана қоймай, сонымен қатар жемісті пікірталастарға қатысты.