Ағымдығы жылдың 27 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында еліміздің түкпір-түкпірінде «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты республикалық акция өтуде. Бұл акцияның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыру болды. Осыған орай, Таразда отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, салауатты отбасылық қарым-қатынасты насихаттау мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.