Таразда №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің базасында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «Батыр Qvest» атты командалық ойын сәтті өтті. Шара «30 игі іс» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылды. Ойынға қала мектептерінің жоғары сынып оқушыларынан құралған командалар мен студенттер қатысты.