Түркістан қаласында Абайдың 180 жылдығына орай 3х3 баскетболдан жасөспірімдер арасындағы ашық біріншілік басталды. Балуан Шолақ спорт кешенінде өткен жарысқа еліміздің бірнеше өңірінен және көршілес мемлекеттерден командалар жиналды. Турнир U-12, U-14 және U-16 жас санаттарында өтіп, жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, достық байланыстарды нығайтуға бағытталған.