https://www.instagram.com/reel/DKP-9WkNDqi/?igsh=MWhzdWJmN3B0c3JxbQ==
Бүгін 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Байсат» мейрамханасында «Бар мейіріміміз балаларға» атты мерекелік шара өтті.
Оған арнайы құттықтап барған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров «Қазіргі таңда баршамыздың алдымызда тұрған зор міндет – ұрпаққа сапалы, әрі заман талабына сай білім беріп, салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасау. Себебі бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы. Балғын бүлдіршіндеріміз қырандай самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын Қазақстанның елеулі азаматтары мен азаматшылары болсын» деген тілегін жеткізді.
Кеш барысында көңілді ән шырқалып, балаларға сыйлықтар табысталды.
Дереккөз:Қызылорда қаласы әкімдігі парақшасынан