Тараз қаласындағы №64 орта мектепте «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі: отбасы, мектеп және қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында тәжірибелік сағат өтті. Шараның мақсаты – баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық тараптардың ортақ жауапкершілігін арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру болды.

