Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Салемовтің төрағалығымен облыс әкімдігінің ғимаратында кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету мәселелеріне баса назар аударылды.