10 Сен 2025, Ср

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында ерекше әдеби кеш өтті. Мұнда түрік жазушысы Фатма Гүнердің «Достардың махаббаты» атты балаларға арналған кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды. Туындыны қазақ тіліне «Сарасез» журналының редакторы Гүлжаз Қарыбек аударған. Бұл шара балалар әдебиетін насихаттап, жас оқырмандарды түрік әлемімен жақынырақ таныстыруды мақсат етті.