БАЛАЛАРДЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Тірек – қимыл аппараты бұзылған, денсаулығында ахау бар балалардың көптен күткен арманы орындалды. Бүлдіршіндер мерекесінде Облыстық балалар «Аяла» оңалту орталығы ашылды. Орталықтағы мамандар ерекше балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жасап, қоғаммен бірге өмір сүруіне жағдай жасайды. Ең бастысы тегін қызмет көрсетеді.