10 Сен 2025, Ср

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА 

ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 25 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағында «Абайлаңыз, балалар!» республикалық акциясы өткізілуде. Осыған орай, Әскерилендірілген темір жол күзеті мен Бурыл станциясының қызметкерлері бірлесіп, шұғыл әрекет етуге бағытталған алдын алу шараларын ұйымдастырды.