1 Авг 2025, Пт

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан қаласында орналасқан балалар ойын алаңдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жасыл Түркістан» мекемесінің мамандары жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Қала аумағындағы бірнеше алаңда тозығы жеткен ойын элементтері ауыстырылып, сынған жерлері қайта қалпына келтірілуде. Бұл – балалардың алаңсыз ойнауына жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі.