Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік экономиканы әртараптандыру және отандық машина жасауды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Тараз қаласының индустриялық аймағында маңызды жоба жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданған жаңа кәсіпорынның іргетасын қалау рәсіміне Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.