Түркістан облысы ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін орындауда республика бойынша көшбасшылар қатарынан көрінді. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жол картасы мен 2025 жылға арналған негізгі индикаторлардың орындалуы сараланды.