13 Окт 2025, Пн

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫНА АЯҚ БАСТЫ

Бәйдібек ауданының Шаян ауылында «Ауыл» партиясының өкілдері грант иегерлерімен кездесті. Кездесуде кәсіп ашуға қолдау алған азаматтардың жұмысының нәтижелері талқыланды. Жалпы жоба аясында сегіз тұрғынға 1 миллион теңгеден грант беріліп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алған. Мұндай қолдау ауыл халқының табысын арттырып, кәсіпкерлік белсенділікті күшейтуге бағытталған.