Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбындағы тамыз конференциясының пленаралық отырысында “мен білім беру саласына айрықша мән беремін” деген болатын. Республиканың түкпір-түкпірінде ашылып, жұмыс жасап жатқан инновациялық мектептер бұл жолда келелі жұмыстар атқарылып жатқанын көрсетеді.

