Ауылдардың орталықтан алшақ орналасуы елдімекеннің әлеуметтік-эконмикалық дамуына тежеу бола алмайды. Мемлекетте ауылдарды алалау жоқ. Президент Жолдауына сәйкес жүйелі жұмыстар Жамбыл ауданындағы елді мекендерде де атқарылып жатыр. Бір ғана Шәкен Ниязбеков ауылында соңғы жылдары ауқымды жобалар жүзеге асып, ілкім істер атқарылуда.